100018, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Әлихан Бөкейхан ауданы, 018 Есептік орам, 133құрылыс, мекен-жайы бойынша орналасқан «Tau-Ken Temir» ЖШС (бұдан әрі – Компания), "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры " акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен "Самұрық-Қазына" АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуын жүзеге асыру Тәртібін басшылыққа ала отырып,
2022 жылғы қаржылық есептіліктің аудиті бойынша бір көзден аудиторлық ұйымның қызметтерін кейіннен сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлайды.
Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, саны, егжей-тегжейлі ерекшелігі және көрсету мерзімі аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі-Өтінім) көрсетілген. Қатысуға арналған өтінімнің көшірмесін 2022 жылдын 04 қазанына дейінгі мерзімді қоса алғанда, мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, 018 есептік орам, 133 құрылыс, каб.№2 сағат 9.00 - ден 16.00-ге дейін, эл.мекен-жайы: m.saifullina@tks-temir.kz.
Таңдау рәсіміне қатысуға арналған сұрау салудың көшірмесін алу үшін әлеуетті өнім берушілердің өкілдері компаниямен құпиялылық туралы келісімге және мүдделер қақтығысы туралы мәліметтер бойынша жазбаша растауға қол қоюға міндетті.
Конвертке желімделген таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер Компанияға, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, 018 есептік орам, 133 құрылыс, каб. №2 мекенжайы бойынша сағат 9.00 - ден 16.00-ге дейін ұсынады (жолдайды).
Таңдау рәсіміне қатысуға өтінімді ұсынған кезде әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қолма-қол, әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері таңдау рәсіміне қатысуға өтінімді ұсыну құқығына әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін тұлғаларға сенімхат және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуға тиіс. Таңдау рәсіміне қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 05 қазан 2022 жылғы сағат 17.00-ге дейін.
Таңдау рәсіміне қатысуға өтінімдер салынған конверттер сағат 06 қазан 2022 жылғы сағат 10.00-де мына мекен-жайында ашылады: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, 018 есептік орам, 133 құрылыс, каб. №2 .
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды телефон арқылы алуға болады: 8 (7212) 908 532, 8 702 617 3240